Түркістан облысы: Ордабасы ауданында қызмет алушыларға консультациялық кеңестер берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, аудандық орталық ауруханада «Денсаулық сақтау-медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу, емханаға тіркелу және т.б.» тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.

Келуші азаматтарға денсаулық сақтау саласындағы мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялық кеңестер берілді.

Бұдан бөлек Ордабасы ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында аудандық персоналды басқару (кадр) қызметі бөлімінің және аудан әкімі аппараты Заң бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және ауылдық округ әкімдерінің салалық жауапты қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.

Тағы бір атап өтерлігі, аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлімдердің басшылары, мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиында аудан әкімі тиісті сала мамандарына ауыл округтердің әкімдерімен бірлесіп аудан орталығы мен ауылдық округтердегі арнайы белгіленген жерлерде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ Темірландағы негізгі көшелердегі кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін ретке келтіруді, қызыл сызыққа өткен нысандарды анықтауды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin