Түркістан облысы: Созақ ауданындағы ерекше балаларға арналған «Сен, ерекшесің» атты көрме ұйымдастырылды

Бүгін «Мыңжылқы» мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің қолдауымен бастау алған «Сен, ерекшесің» атты фотожобаның қорытынды шарасы өтті. Өлкенің таңғажайып табиғаты мен аудан орталығындағы орындарда қызықты сәттерімен ерекшеленген 15-ке жуық баланың әсем суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Бірнеше күнге созылған жобаның қорытынды шарасына аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы арнайы қатысып, белсенділік танытқан балалар мен жоба авторына алғысын білдірді.

— Осы жобаның аясында балалардың шынайы қуанышы мен шексіз мүмкіндіктеріне куә болдым. Жобаға қатысушы әр бала өз өнерлерімен ерекшелене білді. Бұл шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдырып, алдағы уақытта балалар кезең-кезеңімен Түркістан төріндегі көрікті орындарды тамашалайды. Ерекше балаларға тең қоғамды дәріптеп, қоршаған ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беретін жобалар әр кез назарымызда болады, — деген аудан басшысы жобаға қатысушы барлық балаларды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, «Сен, ерекшесің» атты фото жобаның авторы Әсел Бимырзаева тағылымды шараның мақсатына айрықша тоқталып өтті. Жобаға қолдау білдіріп, ауданда өтуіне ықпал жасаған барша азаматтарға алғысын жеткізді.

Шараға жиналған жұртшылық мәдениет үйінің фоесінде әртүрлі бағыттағы киім үлгісімен ерекшеленген балалардың әсем суреттерінен дайындалған көрмені тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin