Шымкенттегі субұрқақтар жаңартылып, кестеге сай жұмыс істеуде

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту саласында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында айтылды.
«Шымкент қаласында жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ (фонтан) бар. Бүгінгі күнде қала аумағындағы барлық субұрқақтары жүйелі түрде (кестеге сәйкес таймермен) жұмыс атқаруда. Субұрқақтар белгіленген қосылу мезгілінен бастап демеушілік есебінен іске қосылып, бірнеше электр жүйелері мен насостары жаңартылды»,-деді басқарма басшысы.
Осыған қоса, Әкімшілік іскерлік аумағындағы «Тайқазан» субұрқағының электрлік жүйесі мен насостары жаңартылды, Әуежай аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңартылды, Орталық саябақтағы субұрқақтың насостарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Орыс драма театр аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңадан қойылды, Абай саябағындағы субұрқақтың электрлік жүйесі ретке келтірілді, Металлург саябағындағы субұрқақтың насосы жаңартылып, құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілді, Имран кешені алдындағы субұрқағының насосы күрделі жөндеуден өтті, Чернобль гүлзарындағы субұрқағы 5 дана насос жаңартылып құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Әкімшілік іскерлік аумағындағы әуенді субұрқақтың барлық насостары жаңартылды.
Қала тұрғындарының ұсынысы негізінде, Тәшенов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан тарихи Көл аумағын толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізіп, аббаттандырып, жаңадан 3 (үш) субұрқақ қойылып, іске қосылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 36,4 шақырымды құрайтын 20 көшені абаттандыру, көгалдандыру жоспарлануда. Газон егумен қатар, әр түрлі ағаш көшеттері де (52 345 дана) отырғызылатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin