Түркістан облысының әкімі «AMANAT» партиясының жол картасы сапалы орындалып келе жатқанын атап өтті

Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мәжілісі өтті. Жиналысты партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы және орындалмай қалу қаупі бар нысандар туралы кеңінен талқыланып, «AMANAT» партиясы жанындағы «Әйелдер қанаты» Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстарының есебін тыңдалды. Сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын ілгерілету мәселесі талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының орындалуы барысына тоқталды.

– Өздеріңізбен бірлесіп, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша облыстың 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, облыс үшін маңызды іс-шаралар қамтылды. Жалпы іс-шараларды жүзеге асыруға 3 триллион теңге жоспарланған. Жол картасы аясында 2025 жылға 121 іс-шараның орындалуы жоспарланған. 11 айдың қорытындысына сәйкес, 77 іс-шара орындалды, 30-ы орындалу үстінде. Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды саласы. Жыл басынан өнім көлемі 1,2 триллион теңгені құрап, өсім 101,2 пайыз деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша республикада көшбасшымыз. Мемлекет басшысы қайта өңдеу саласын дамытып, экономиканы әртараптандыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты облыста мақта, ет және жүгері, яғни, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Жалпы кластерлік бағыт – отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді. Аталған 3 кластерді дамыту есебінен 2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 миллиард теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 миллиард теңгеге ұлғайту жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі, республикалық бюджетте 2 жылдан бері қаржы тапшылығы байқалып келеді. Осыған байланысты, Президент пен Үкімет бюджет шығындарын оңтайландыру жүргізуді тапсырған болатын. Оңтайландырылған қаражат бірінші кезекте шешуді қажет ететін әлеуметтік мәселелерге қайта бағытталатын болады. Жалпы Жол картасында көзделген іс-шараларды сапалы орындау бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімдігі тарапынан сайлауалды бағдарламаның іске асырылуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Алға қойған жоспарларға қол жеткізу бойынша барлық шаралар қабылданатын болады, – деген Нұралхан Оралбайұлы өзге де бағыттағы жұмыстарға тоқталды.

Түркістан облысында 3 кластерлік бағытты дамытуға басымдық берілуде. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 миллиард теңге инвестиция тартылады. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші 60 центнерге жетеді. Нәтижесінде 229 мың тонна мақта өңделеді. 2 мақта өңдеу зауыты және 2 су үнемдеу технологиясын шығаратын өндірісі іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталды. Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауытының құрылысы биыл аяқталады. Құны – 35 миллиард теңге, 251 жаңа жұмыс орны ашылады. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Ет кластері бағытында 7 жоба іске асырылуда. Жоба құны – 50 миллиард теңге, қуаттылығы – 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады. Орталық Азияда баламасы жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда. Бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бесқара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Нәтижесінде қосымша 35 мың тонна ет өңделеді.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 25,6 миллиард теңгеге 6 бағыт бойынша 3750 жобаға несие берілді. Нәтижесінде 39 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 23 гектарға 477 жылыжай салынды. Шағын кәсіпкерлік 3 662 бірлікке артып, 4 174 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жүйелі атқарған жұмыстардың арқасында үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 есе қысқарды

Өңірде сапалы жұмыс орындарын құру мақсатында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жыл басынан 132 мың жұмыс орны құрылып, жоспар артығымен орындалды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Жүйелі атқарған жұмыстардың арқасында үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 есе қысқарды. Әлеуметтік мәселелер — тұрақты бақылауда.

Түркістан облысында халық саны 2 150,2 мың адамды, экономикалық белсенді халқы 858,8 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 818,7 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздар саны 40,0 мың адамды құрайды. 2025 жылы облыс әкімі тарапынан бекітілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын (83 554 тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 104 100 жұмыс орнын құрайды (59 014 тұрақты, 45 086 уақтыша жұмыс орын).

Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады.

Сондықтан, әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Дегенмен, жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Кедейлік деңгейі 4,4%-ға төмендеді. Биылғы 10 айда 130 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді. 2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен қарасақ, 121 796 жұмыс орыны ашылып, 76 379 тұрақты, 45 417 уақытша жұмыс орындарын құрайды. Оның ішінде, бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында 4 074 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 334 жоба аясында 3 782 адам жұмысқа жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын құру» тапсырмасына сәйкес 32 429 жұмыс орны ашылды (жоспар — 22 595 орын). «Еңбек» бағыты аясында нақты 83 548 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Оның ішінде:

— 39 675 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 69,3%-ы орындалды (жоспар: 57 221 адам);

— 31 501 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып (2024 жылдан өтпелі 12 621 адам), жоспар 97,0%-ы орындалды (жоспар: 32 465 адам).

Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында «Еnbek.kz» платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 5 343 адам онлайн оқытудан өтіп (жоспар: 4 100 адам), 5 207-і немесе 97,5%-ы сертификат алды.

Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 5 241 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды (жоспар: 5 210 адам). 

Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1 788 адамға 2,8 миллиард теңгеге грант берілді (жоспар: 1 793 адам). 

Жалпы, жұмыспен қамту шараларына қаралған 30 469,4 миллион теңге қаржының 23 690,5 миллион теңгесі игерілді (77,7%).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысына сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 4,6 (жоспар: 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,8%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрады.

Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» жобасы аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 29-ы да пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Биыл 4-еуі пайдалануға берілді, қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек, жалпы 154 мектеп жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырма аясында өңірде 115 мектеп реновация жобасына енгізілді. Бұл бастаманы Түркістан облысы әкімі бақылауға алып, қайта жаңғырудан өтетін мектеп тізімі жасақталды.  Түркістан облысында 2025-2027 жылдары аралығында 115 мектепті жаңғырту жоспарланған. Биыл 41 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, келер жылы – 38 мектеп, 2027 жылы – 36 білім ордасы қайта жаңғырудан өтеді.

Жаңғырту жұмыстарына іліккен білім ошақтарының басым бөлігі — ауылдық жерлердегі, 30-40 жылдан астам уақыт бұрын салынған мектептер. Бұл бастама ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтып, білім алуға тең жағдай жасауға бағытталған. Жөндеу жұмыстары білім сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Реновация барысында жөндеу жұмыстарымен қатар мектептердің материалдық-техникалық базасы да қамтылады. Атап айтқанда парталар, шкафтар, арнайы жаңа модификациялы кабинеттер, басқа да оқу процесіне қажет материалдар, сыртқы спорт алаңшалары толық жаңарады. Мұндай маңызды бастама ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын жоюға, ескірген білім нысандарын ыңғайлы әрі заманауи ғимаратқа айналдыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы білім беру саласындағы жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға назар аударып, IT технологияны дамытуды атап өтті. Осыған орай Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында IT мамандарын дайындайтын «Woosong University Kazakhstan» универсеті ашылды. Университеттің жалпы 2 мың студент қабылдауға мүмкіндігі бар. Әкімдік тарапынан 100 грант бөлінді. Бүгінгі таңда оқу процесі басталып, 108 студент білім алуда. Бұдан бөлек, университетте Оңтүстік Кореядан келген 70 студент тәлім алып, білім беру саласында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдемкөлігі сатып алынды

Сапалы медицинамен қамтамасыз ету үшін ауылдарда жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимарат салынды. 3 аурухана күрделі жөндеуден өтуде. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын қамтылу деңгейі 84,7 пайызға жетті. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдемкөлігі сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Қосымша, 73 нысанға қажеттілік бар. Нақты жоспар түзіп, 3 жылда кезеңкезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 32 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Медициналық ұйымдарды материалдықтехникалық жарақтандыру деңгейі 84,5%-ға жетті.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылдың 10 айында Түркістан облысында негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақты сақталып отыр. Ең маңыздысы – ана өлімінің 63,3%-ға төмендеуі. Бұл көрсеткіш өңірдегі перинаталдық қызметтің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Нәресте өлімі 21,6%-ға, ал бала өлімі 14,1%-ға азайған. Мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмектің күшеюі, перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңаруы, тәуекел топтарына бақылаудың күшеюі және ерте анықтау шараларының тиімді жүргізілуімен байланысты. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде «Даму және ерте араласу» орталықтары жұмыс бастап, Облыстық балалар ауруханасында офтальмологиялық орталық ашылды. Өңірде жоғары технологиялық медициналық көмек көлемі артты.

Ауылдық жерлердегі жүкті әйелдердің қолжетімді медициналық қызмет алуы үшін перинаталдық орталықтарда ашылған «Салауатты ана» пансионаттары 100-ден астам әйелге қолдау көрсетті. Сонымен қатар облыс деңгейінде жетекшілік ететін аудандарға виртуалды қарап шығу жүйесі енгізіліп, күрделі жағдайларды дер кезінде анықтау күшейтілді. Генетикалық зерттеулерді жетілдіру үшін бес бірлік эксперттік УДЗ аппараты сатып алынды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бөлінген ЭКО квотасымен 207 бала дүниеге келген, олардың 18-і – егіздер.

2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 14,8 миллиард теңге бөлініп, 300 мыңдай науқас дәрілік заттармен қамтылды. Жергілікті бюджеттен орфан ауруларына шалдыққан 264 науқасты қамтамасыз етуге 4,6 миллиард теңге қаралды.

2025 жылы дайын ғимараттарды сатып алу механизмі арқылы 34 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсырылады. 6 нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кентау қалалық ауруханасының жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Қазығұрт және Шардарадағы ауылдық ауруханаларда жөндеу толығымен біткен. Түркістанда салынған көпбейінді аурухана құрылысы ерекше назарда.

Ауылды жерлердегі ауруханаларға заманауи техникалар сатып алынды. Сонымен қатар онкологиялық қызметті жақсарту үшін 11 түрлі диагностикалық жабдық жеткізілді. «PACS» жүйесін енгізу арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске асуда. Бұл жасанды интеллект арқылы рак ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Түркістан қалалық емханасында енгізілген «дауыстық робот» дәрігер қабылдауына шақыруды автоматтандырып, 74 мыңнан астам азаматқа хабарласты. Оның 36 мыңнан астамы тексеруден өтуге келісім берген.

2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 40,3 миллиард теңге қарастырылды.

2025 жылдың 10 ай қортындысымен медико-демографиялық көсеткіштер қазіргі жағдайда тұрақты. Жоспарға сәйкес, орындалып келе жатыр.

— Жалпы өлім-жітім деңгейі – бір деңгейде сақталды.

— Ана өлімі 63,3%-ға төмендеп, көрсеткіш 5,3 құрады.

— Нәресте өлімі 21,6%-ға, бала өлімі 14,1%-ға төмендеді.

Бұл алғашқы медициналық көмекті күшейту, перинаталдық қызметті, материалдық техникалық базаны жетілдіру және тәуекел топтарына бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесі.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында 2025 жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту негізінде сәулелік диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілуде, олар:

 — Магнитті-резонанстық томограф

— Жасанды қан айналым аппараты

— Компьютерлік томограф

— Экспертті санаттағы УДЗ (УЗИ)

— Бейнеэндоскопиялық жиынтық

— Маммографиялық жүйе

Сонымен қатар онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындау мақсатында, 11 дана диагностикалық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 2025 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен науқастарды амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-не алдын ала өтінімге 18,7 миллиард теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін 13,9 миллиард теңгеге игерілді. Стационарлық деңгейде тұмауға қарсы вирустың алдын алу үшін және дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында олардың төмендемейтін қоры қалыптастырылып, екі айлық резервтік қоры жасақталған.

Бүгінгі күнге медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарының қоры жасақталып, (СИЗ) жеке қорғаныс құралдарының қоры жасақталып, бір реттік қолданылатын қорғаныш киімі – 55 078 дана, бір реттік қолданылатын бетперделер – 2 686 142 дана, төрт қабатты хирургиялық бетперделер мен респираторлар – 62 292 дана, бір реттік қолданылатын медициналық қолғаптар – 1 252 862 дана және антисептикалық ерітінділер – 57 627 литр көлемінде қоры бар.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 9 миллиард теңгеге 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Өңірде елді мекендерді мәдени нысандармен қамту деңгейі артып келеді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 9 миллиард теңгеге 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 5-еуі биыл тапсырылады. Қалған 10 нысан келесі жылы аяқталады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласындағы 500 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Жиын барысында партияның Әйелдер қанатының Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Қалыйма Жантөреева атқарған жұмыстар туралы есеп берді. Облыстық Әйелдер қанатымен бірлесе отырып, саяси шешім қабылдай алатын белсенді әйелдердің базасын қалыптастыру, көшбасшы әйелдердің санының артуына және қоғамдағы беделінің нығаюына ықпал ету, әйелдердің көшбасшылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаны қабылдау сынды ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының жетекшісі Шолпан Каринова партия атынан Қазақстандағы әйелдердің күш-жігерін біріктіру, саяси платформа принциптерін ілгерілету және гендерлік теңдікті нығайту, әйелдерді елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету бағытында негізгі бастамаларға кеңінен тоқталып, әйелдердің көшбасшылығын ілгерілету бойынша ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының Қаулы жобасы қабылданды.

Түркістан облысында Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Осы ретте атап өтер тағы бір мәселе. Түркістан шаһарында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Бөрте» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Әйелдер мен қыз-келіншектерді бастамашылдығын қолдауға арналған маңызды қоғамдық-саяси алаңның ашылуына «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, ізгі тілектерін арнады.

Түркістан облысындағы әйелдерге арналған «Бөрте» саяси көшбасшылық мектебінің ашылуын қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға, олардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды әрі тағылымды бастама екенін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мәлімдеді.

– Бүгін ашылуы өтіп жатқан «Бөрте» саяси мектебінің қабырғасында білім алған әйел көшбасшылар елдік мүддені алға қоятын, қоғамның дамуына нақты үлес қосатын тұлғалар боларына күмән жоқ. Бұл мектептен дәріс алған қыз-келіншектер болашақта мемлекеттік қызметте, қоғамдық-саяси салада, кәсіпкерлік пен әлеуметтік бастамаларда елге үлгі көрсетеді деген сенімдеміз, –деді Ертай Кенжебекұлы.

Мектептің ашылу салтанатына және алғашқы лекцияларға аудан, қалалардағы партия филиалдары Әйелдер қанатының жетекшілері, белсенді құрамы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаларда қызмет атқаратын, белсенді қоғамдық ұстанымымен танылған қыз-келіншектер, халықтың сенім мандатын иеленген нәзік жанды депутаттар, облыстық Әйелдер қанатының 10 бағыт бойынша бекітілген жетекшілері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

«AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы гендерлік саясатты жетілдіру бойынша Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының негізгі ұсыныстарын, әлемдік аналитикалық орталықтардың ұлттық гендерлік саясатты бағалауларын, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы мен «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының кешенді әлеуметтік зерттеуін, оқу құралдарындағы гендерлік құрылымдарды зерттеу нәтижелерін таныстырып өтті. Әйелдер үшін кәсіби саладағы кедергілер, Гендерлік алшақтықтың жаһандық индексі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы әйелдердің көрсеткіштері, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатытының миссиясы мен мақсаттары, 10 басымдық аясындағы негізгі бастамалары, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуда «Tomiris» жобасының міндеттері, «Әйел аманаты» жобасының бастамалары таныстырылды.

Алғашқы дәрістер барысында қатысушылар саяси көшбасшылықтың негіздері, қоғамдық коммуникация, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау мәдениеті, партиялық және ақпараттық жұмыс пен мемлекеттік басқарудың заманауи талаптары жөнінде жан-жақты білім алды.

Айта кетсек, Түркістан облысында жалпы халық санының 49 пайызын әйелдер құрайды. Ағымдағы жылдың 10 он айында 38 мың бала дүниеге келді. Қазіргі таңда облыста 185 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 18 мыңнан астамы «Алтын алқа» иегері болса, 43 мыңнан астамы «Күміс алқа» иегері атанған. Түркістан облысында шамамен 212 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 89 мыңға жуығын немесе 42 пайыздан астамын әйелдер құрайды. Сонымен қатар өңірдегі 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі нәзік жандылар болса, оның 233-і басшылық лауазымдарды атқарады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You