Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі Темірлан елді мекенінің іргесінен бой көтеріп жатқан арендалық үйлердің құрылыс барысын бақылап көрді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекенінің іргесінен бой көтеріп жатқан арендалық үйлердің құрылыс барысын бақылап көрді.

Аталған аумақта 1 қабатты 52 пәтерлі, 2-3 бөлмелі 26 үй салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 6 үйдің құрылысы бітуге жақын. Қалғандарының іргетасы құйылып, қабырғалары қалануда.

Аудан әкімі мердігер мекеменің өкіліне сапаға көп көңіл бөлу қажеттігіне тоқталып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарының заман талабына сай болуын ескертті. Сонымен қатар, үйлердің аулаларын абаттандыруға, көгалдандыруға жіті назар аудару керектігін айтып, тиісті сала мамандарына аталған жұмыстарды қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

Сондай-ақ аудан басшысы сол маңнан бой көтеретін 3 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мердігер компания іргетасын қалау үшін арнайы шұқыр қазу жұмыстарына кіріскен.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудан орталығындағы Құртаев каналының бойынан салынып жатқан демалыс аймағындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылады. Тиісті жұмыстарды атқарып жатқан мердігерге көгалдандыру және т.б. бойынша ескертулер айтылып, оларды қалпына келтіруге нақты мерзім белгіленсе, аудан әкімінің жауапты орынбасарына жұмысты күшейтуді және бақылауға алуды тапсырды.

Бұған қоса бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар үй іргелік жер, коммерциялық нысан және т.б. мәселелерді көтерді. Аудан басшысы әрбір мәселе бойынша зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырма берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin