ШЫМКЕНТТЕГІ АБАЙ АУДАНЫНДА “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Абай ауданы «Жасыл аймақ” апталығында белсенділік танытуда. Апталық аясында бүгін ауданда сенбілік өтті. Аудан аумағында ұйымдастырылған сенбілікке аудан тұрғындары, 10 кәсіпкерлік нысан, 8 әлеуметтік нысан, барлығы 1100 адам қатысты.

Атап айтқанда, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Нұршуақ шагын аудандарындагы ішкі орамдық көшелер жане Әль-Фараби көшесінің жалғасы, Қ.Төлеметов көшелерінде, шөптер орылып, ағаштарды қырқу, жасыл желектерді ретке келтіру, шөп ору, сырлау, жуу жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, 11 техника жұмылдырылып, 13 тонна қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin