ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫН ТАЗАЛАДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары Сабыр Рахымов атындағы «Жеңіс» саябағында жалғасты.

Еңбекші ауданындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Омарұлы Рахымовтың ескерткішін тазалау, әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Саябақ толықтай тазартылып, ағаштар әктеліп, қоқыстар шығарылды. Бұл жұмысқа барлығы 600-ден астам тұрғын, 5 техника жұмылдырылды.

Сондай ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «КазАтомПром» АҚ, «Группа Интеко» ЖШС, «Еңбекші» КММ және еріктілер атсалысты.

Бүгінгі таңда барлық қала тұрғындары осы акцияға қатысып жатыр. Бірінші кезекте киелі мекендерді абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қуантарлығы акцияға тек жұмысшы топтар ғана емес, қала тұрғындары белсенділік танытып, ерікті түрде қатысып келеді. Бұл дегеніміз әрбір азамат ел алдында өз міндетін, жауапкершілігін жоғары деңгейде сезінетіндігін білдіреді. Осы орайда, жастарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Кез келген уақытта барлық ұсынысты қабылдап, өз көмектерін көрсетуде,— дейді Сейфулла Зауырбеков «Группа Интеко» ЖШС-нің басшы орынбасары.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр.

Экологиялық акция барысында жалпы саны 700-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, тазалық шарасында аумақты қоқыстан тазалау, шөп ору және ағаш ақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл акция басталғалы 4500-тан астам тұрғын атсалысты.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin