Шымкенттегі Абай ауданындағы 23 елді мекен табиғи газға қосылған

Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған яғни 85,2% құрайды. Бүгінде табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер саны – 4 ол пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр. Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы — 56% құрылысы аяқталған. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов айтты. Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Б.Парманов Абай ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтты.

Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған,-деді ол.

Айта кетейік, Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бүгінде аудан бойынша жалпы 257,7 мың халық орналасқан. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.

Аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде. 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.
-Абай ауданы бойынша 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. Ал, 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде,-деді Бұқарбай Парманов.
Сонымен қатар Абай ауданы бойынша «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМАҚ, «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын кең көлемде ұйымдастырылып, ауданында 950 метр куб қоқыс шығарылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin