Шымкент қаласы: Еңбекші ауданында биыл 5 гүлзар салу жоспарланып отыр

Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830-ға жетті. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар.

Еңбекші ауданында 728 көше мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан.

Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты бірқатар жұмыстарды атқаруда. Мәселен, аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Атап айтсақ:

— Ауыз сумен 97%-ға;

— Электр жарығымен 99,8%-ға;

— Табиғи газбен 92,4%-ға;

— Кәріз жүйесімен 41%-ға

— Асфальт жолмен 78,5%-ға қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңа құрылыс учаскелері) құрады.

 Айта өтейік, аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.

2023 жылы 29 балалар ойын алаңшасы орнатылды.

2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекенжайда (43 жоба) кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы 47 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда аудан аумағында 61 дана ашық спорт алаңшасы орналасқан.

2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды, ал 2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнатылды.

Сондай ақ, 2025 жылы 4 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар құрылысы жүргізілді. Одан бөлек, демеуші есебінен және «Группа Интеко» ЖШС тарапынан 2 гүлзар құрылды. Ал осы жылы 5 гүлзар құру жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin