Шымкент: Әл-Фараби ауданында биыл 118 көше жарықтандырылады

Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді. Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясын өткізген аудан әкімі жиыда аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланғанын тілге тиек етті. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.

Аудан инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған.

2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімдігі тарапынан 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 3 аумаққа гүлзар салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері (21 шақырым) мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Қалаға жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында 20 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. 20 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне Мурал салу және 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда. Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі, 680 дана қоқыс контейнері орнатылады.

Бүгінгі таңда «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-2024 жылдары 34 жаяу жүргінші жолдардындағы тастар, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.

Аудан әкімі абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin