Шымкент: Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін балалар және спорт алаңшалары 100 пайыз болады

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында: 2024 жылы қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 31 көпқабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары жүргізіліп, 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсарту жоспарлануда. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясында айтылды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Аудан инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.

Ал, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жетуді жоспарлауда.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 жетіп отыр.

Бүгінде аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сонымен қатар, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан қаланың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.

Қалаға жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында 20 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 20 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне Мурал салу және 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда. Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі, 680 дана қоқыс контейнері орнатылады, – деді Рашид Мамытұлы.

Бүгінгі таңда «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-2024 жылдары 34 жаяу жүргінші жолдардындағы тастар, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin