Шымкентте 11 көше қиылысында оң жақ өткел салынады

Шымкентте көлік кептелістерін реттеу мақсатында көше қиылыстарындағы оң жақ өткелдерін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда.


Шымкентте 11 көше қиылысында оң жақ өткел салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте көлік кептелістерін реттеу мақсатында көше қиылыстарындағы оң жақ өткелдерін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы қалада қолданыстағы 60 оң жақ өткел бар. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде қосымша 45 орынның қажеттілігі анықталып отыр.

Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, биыл 11 көше қиылысына оң жақ өткел салу жоспарланып отыр екен. Олардың қатарында Т.Рысқұлов-Ж.Шаяхметов, Ж.Шаяхметов-Н.Назарбеков, Арғынбеков-Бәйтереков, Сыпырған ата-Әл-Фараби, Арғынбеков-Өтегенов, Сыпырған ата-Темірлан тас жолы, Т.Рысқұлов-Адырбеков, Т.Рысқұлов-Қазиев қиылыстары бар.

Сондай-ақ, биыл 21,8 шақырым магистралды көшелер жөнделеді. Олар – Республика даңғылы 5,0 шақырым, Т.Рысқұлов көшесі 4,1 шақырым, Ғ.Иляев көшесі 2,7 шақырым, Б.Момышұлы көшесі 2,1 шақырым, Ж.Тәшенов көшесі 1,7 шақырым, Ж.Шаяхметов көшесі 1,6 шақырым, Ақназар хан көшесі 2,3 шақырым және Клара-Цеткин көшесі 2,3 шақырым. Дегенмен 2021 жылы жол жөндеу жұмыстары барысында шалғай аудандардағы ішкі орамдық көшелердің құрылысына басымдық беріледі.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Wow, amazing blog structure! How lengthy have you
    ever been blogging for? you made blogging look easy.
    The overall look of your web site is excellent, as neatly as the content material!
    You can see similar here e-commerce

  2. Good day! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
    I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good results.
    If you know of any please share. Thank you! You can read similar text here: Najlepszy sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.