Шымкентте 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілуде

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкентте биыл 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. 2021 жылға бөлінген қаржы көлемі – 3,8 млрд теңге.

Атап айтқанда, ауыз су (32,7 шақырым), жылу (9,9), электр қуаты (69,9 шақырым), газ жүйесі (21,9 шақырым), жолдардың (19,4 шақырым) құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңда игерілген қаржы – 852,5 млн. теңге. Жыл қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріледі.

Бозарық тұрғын алабындағы инженерлік жүйелер, әкімшілік-іскерлік орталығындағы №7 а, 13, 14 көшелердің құрылысын аяқтау және Тұран шағынауданындағы 4 орамның (№20, 22, 23, 24) жобасын әзірлеуге жалпы 2,9 млрд теңге қосымша қаржы қажеттігі туындауда.

Сондай-ақ, Мирас, Шапағат-2 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кәріз құрылысын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Жоба құны — 1 348,9 млн теңге. 2021 жылға 401,6 млн теңге қаржы қаралған.

Сондай-ақ, Ұлағат шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша биылға 403,6 млн теңге қаражат бөлінген. Кәріз жүйесі құрылысын аяқтауға қажетті қаржы — 934,4 млн теңге.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.