Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады

2021 жылдың 2-мамырында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің 1999 жылғы тұрғыны арызданған.


Ол өз арызында сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Үш жасар қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармаларына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10 да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Отырар» шағынауданынан 1 шақырым жер арақашықтықтан 3 жасар қызды аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.

Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

Тәртіп сақшыларынан бөлек қаланың белсенді азаматтары, еріктілер де қызды іздеуге атсалысты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Hey! Do you know if they make any plugins to help
    with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank
    for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.

    If you know of any please share. Thank you! You can read similar blog here: Najlepszy sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.