Шымкент: «Бадам» өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Тазалық іс-шарасында арық-атыздар тазаланып, шөп ору, әрлеу және әктеу жұмыстары жүргізілді.


Абай ауданы әкімі аппараты және Шымкент қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 80 қызметкері аудан аумағында көпқабатты үйлердің аулаларында сенбілік жұмыстарын атқарды.

Сонымен қатар «Бадам» өзені жағалауына санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, бей берекет қоқыстар тазаланды.

Жалпы сенбілікке аудан тұрғындары, кәсіпкерлер қатыстып , 57 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, Бадам өзенін абаттандыру мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейін кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Бірінші кезеңде 3 шақырым, екінші кезеңде 6,2 шақырым аумақ абаттандырылады. Өзен аумағына асфальт төселіп, су тасыған кезде бүлінген жерлер қайта қалпына келтіріледі.

Бас мердігер — «СтройСервис-7» ЖШС.

Қала әкімі барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырған болатын. Одан әрі күтіп-баптауға қаржы бөлу мәселесі келер жылдың бюджеттік өтініміне мәслихат қарауына ұсынылады деп жоспарлануда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.