Шымкент: Көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкент: Қаладағы саябақтарда тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


 Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтіліп, қарқынды жүзеге асырылып келеді.

Көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып,  санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда. 

Кеше қаладағы «Наурыз», «Жеңіс» «Абай», «Тәуелсіздік» саябақтары мен «Жастар», Ш.Қалдаяқов атындағы аллеяда және «Ипподром» сквері мен Бәйдібек би ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық мекемелері қала тұрғындары демалатын орындарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбтерін әктеді және газондарды орып, ретке келтірді.

Мәдениеттілік тазалықтан басталатынын айтқан тазалық мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындарынан өздері және балалары демалатын қоғамдық орындарды ластамауға және қоқыс тастамауға шақырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.