Шымкент: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 39 тұрғын үй құрылысы аяқталады

Шымкентте биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 39 тұрғын үй құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласында 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 287,1 мың шаршы метр құрайтын 79 көпқабатты (4832 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 14 үй (768 пәтер), кредиттік – 65 үй (4064 пәтер).

Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, жалпы бөлінген қаржы – 25,6 млрд теңге. Биыл 39 үй пайдалануға беріледі (2432 пәтер, 141 мың шаршы метр). Яғни, кредиттік 33 үй, арендалық 6 үй пайдалануға тапсырылады. 3 айдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд теңге қаржы игерілді.

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары Тұран шағынауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде. Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы атқарылады. 

Жалпы, 2021 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Үш айдың есебі бойынша нақты пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы – 97,6 мың шаршы метр. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үй – 82,9 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй (ИЖС) – 14,7 мың шаршы метр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.