Шымкент: «Таза табиғат» акциясы аясында 100-ден аса ағаш көшеті отырғызылды

Шымкентте «Таза табиғат» акциясы аясында 100-ден аса ағаш көшеті отырғызылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында «Таза табиғат» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында «Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығы мүшелері тарапынан ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып өткізілген игі шараға Шымкент қаласы Қаратау әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері атсалысты.

Айта кету керек, экологиялық акция барысында Жұмағали Білісбеков бастаған «Азаматтық Альянс» мүшелері, Эльмира Созақбаева жетекшілік ететін Шымкент қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және Y-Peer еріктілері қатысып, жалпы 100-ден астам көшет отырғызылды. Сондай-ақ тал егу шарасы мегаполистегі «Шұғыла» шағынауданы, Жаңақоныс көшесінде де жалғасты.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.