Шымкент: Шағал тас төсеу жұмыстары кезең-кезең бойынша жүргізіледі

Шымкентте биыл 153 шақырым топырақ көшеге шағал тас төселеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қала аумағындағы ішкі орам және шалғай елді мекендердегі көшелерге жүргізілген зерделеу жұмыстарына сәйкес, топырақ жабындысы бар 172 шақырым көше анықталды.

Жоспарға сәйкес, биыл 153 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмыстары атқарылады. Қазіргі таңда жеңімпаз мекемемен келісімшарт түзіліп үлгерді. Ендігі кезде жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарлануда. 

Оған қоса, қала аумағында шағал тас жабындысы бар 1046,4 шақырым көше бар. Инженерлік коммуникация (газ тарту, кәріз жүйелері, ауыз су) жұмыстары барысында қайта қалпына келтіру өз деңгейінде жүргізілмейді.

Соның салдарынан шағал тас жабындысы бар 180,1 шақырым көшелердің техникалық жағдайы нашарлап, қайтадан тас төсеу жұмыстарын жүргізуді қажет етуде.

Осыған байланысты шағал тас төсеу жұмыстары да кезең-кезең бойынша жүргізіледі. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.