Шымкент картасында эвакуациялық пунктер пайда болды

Шымкент қаласының картасында төтенше жағдай кезінде жиналатын 129 эвакуациялық пункт пайда болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Эвакуациялық пункттерді электрондық іздеу жүйесін Төтенше жағдайлар департаменті мен 2GIS қызметкерлері бірлесе отырып іске асырып отыр.

Айта кету керек, бұл мобильді қосымша тұрғындар мен қала қонақтары үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жақын маңдағы эвакуациялық пункттерге келу үшін пайдалы болады. Аталмыш эвакуациялық жинау пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі және қажетті ақпарат ұсынылатын болады.

Халықты қабылдау нүктелерін табу үшін 2GIS мобильді қосымшасына кіріп, іздеу жолына «Төтенше жағдайлар кезінде жинау пункттерін» енгізсеңіз жеткілікті, ең бастысы,  ең жақын жерді таңдауды ұмытпау керек.

Еске сала кетейік, 2GIS офлайн режимде жұмыс істейді, сондықтан сіз интернетсіз де эвакуациялық нүктені таба аласыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.