Шымкент: Қарт майдангер Қаражан Естемесов 100 жасқа толады

Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны, ҰОС ардагері Қаражан Естемесов он үш күннен кейін 100 жасқа толады.


Қала әкімі ғасыр жасаған ардагерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қ. Естемесов майдан алаңына небәрі 18 жасында аттанған. Содан туған жерге 1947 жылы бір-ақ келіпті. От пен оқтың арасында жүріп, ардагер жалғыз бауырынан айырылған екен.

Ардагер 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туған. 1941 жылы 14 маусым күні әскер қатарына алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь, тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты.

ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және басқа көптеген мерекелік медальдармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні ардагер 100 жасқа толады. Қазіргі таңда 2 ұл, 1 қыздан 10 немере, 30 шөбере, 5 шөпшегінің қызығын көруде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.