Шымкент: Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушы шәкіртақымен кәсібін дамытты

Алёна Адилбекова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлайтын қысқа мерзімді оқыту курсынан өткен.


Алдымен Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз мәртебесімен тіркеліп, 3 айлық «Тырнақ әрлеу шебері (маникюр)» мамандығы бойынша білім алады. 1 ай теория, 2 ай тәжірибе жинаған жас маманға тегін білім беріліп, ай сайын 17 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленген.

— Қазіргі таңда қыз-келіншектердің арасында маникюр қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл іспен айналысу өзіме қатты ұнайды. Қысқа мерзімді курс арқылы «Территория профессоналов» студиясында шеберлікті меңгеріп, қолыма куәлік алдым. Оған қоса осы студияда тұрақты жұмысқа орналастым. Шәкіртақыға керекті құрал-саймандарды сатып алып, өз ісімді дамытуыма зор қолдау таптым, — дейді Алёна Адилбекова.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері,аспаз сынды 30- дан аса мамандықтар тізбесі бекітілген. Оқу мерзімі — 3 ай, 2 ай тәжірибе. Аптасына 6 күн, күніне 6 сағат оқиды. Ай сайын шәкіртақы төленіп отырады. Оқу курстары топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады.

Оқуға қатысуға үміткерлер қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсырулары қажет:

1.Жеке басын куәландыратын құжат;

  1. Еңбек кітапшасы (болған жағдайда);

3.Білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері;

4.№907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).

  1. 20 сандық банк шоты (Jusan Bank)

Шымкентте биыл бағдарлама бойынша 2500 адамды оқыту жоспарлануда. Былтыр қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданып, 1990 азамат оқуын тәмамдаған соң куәліктерін алған.Нәтижесінде, 1590 адам жұмыспен қамтылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.