Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда

Шымкент: Төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.


Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде. «Build Stroi» ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.

Атап айтқанда, мекеме тарапынан Темірлан тас жолы, Қатын көпір, Қошқар ата аумағы ретке келтірілді.

Сондай-ақ, «Атырау групп» ЖШС 3 техника және 16 қызметкерімен күнделікті су арналарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.

Сондай-ақ, алада су арналарын тазалау жұмыстары атқарылуда.Атап айтқанда, Қошқар ата, Қасқасу каналдары тазаланып, ретке келтірілді.

Бүгінгі таңда қала аумағында су арналарын тазалауға жауапты мекеме — «Атырау групп» ЖШС. Аталған жұмыстарға 4 техника, 23 адам жұмылдырылған.

Тазалық — қала көркі. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.