Шымкент: 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

Шымкентте «Otau Group» компаниясы атынан 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласында қайырымдылық акциялары жалғасуда. «Рамазан — қайырымдылық айы» акциясы аясында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға ауызашар себеті таратылуда.

Осы орайда, бүгін «OTAU GROUP» компаниясының атынан 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды.

— Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, бүкіл әлем мұсылмандары осымен екінші жыл қатарынан Рамазан айы жер-жаһанды алаңдатқан жұқпалы індет жағдайында өткізіп отыр. Қасиетті айда қала әкімдігінің бастамасымен мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қол ұшын созатын «Рамазан — қайырымдылық айы» челенджін өте маңызды екенін ескере отырып, «OTAU GROUP» компанияның атынан 1000 қорап қоржынды мұқтаж жандарға таратуды ағымдағы жылғы 14 сәуір күні жалғастырдым және эстафетаны әрі қарай Шымкент қаласының кәсіпкерлеріне жолдаймын, — деді кәсіпкер Қайрат Молдасеитов.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.