Шымкент: 168 нысанда құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте 168 нысанда құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың I-тоқсанында атқарыған жұмыстарды баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда қалада құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 168 нысан қамтылған. Оның 134-і жаңа нысандар болса, қалған 34-і өткен жылдардан өтпелі нысандар. Жыл қорытындысы бойынша 155 нысан (248,8 шақырым) пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, құрылыс-қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, орташа жөндеу – 138.

2021 жылдың 1-тоқсанында жоспар бойынша құрылыс жөндеу жұмыстары бастау алып, 1,1 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде, ауқымды жобалар – Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев даңғылы жалғасының 1-ші және 3-ші кезеңдері, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңі.

Ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.