Әл-Фараби ауданындағы санитарлық-тазалау жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 секторға бөлінген.


Бұл туралы  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көп қабатты сектор аптасына 4 рет (дүйсенбі, сейсенбі – бейсенбі, жұма күндері), жеке сектор аптасына 2 рет (сейсенбі – жұма күндері) тазаланады.

Сонымен қатар, бұл жылы аудандағы басты көшелердің бойында орналасқан 16 139 дана ағаш түптері əктелді. 12 407 дана раушан гүлі, 5000 дана жай жапырақты ағаш көшеттері және 202 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Ескірген қызғалтақтардың орнына жаңа гүл егу, декоративті ағаш түрлерін отырғызу, газон егу мамыр айының соңына дейін аяқталады.

Аудан тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер өткізіліп, оған 37 мыңнан аса тұрғын қатысқан. Онда 4000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 360 шаршы метр күл-қоқыс шығарылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.