Шымкент: Биыл Қаратау ауданында 8 гүлзар салынады

Аудан аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, 2024 жылы 8 гүлзар салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Рахымберді Мүлкеманов айтты.


— Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарланған,-деді
Рахымберді Мүлкеманов.

Қаратау ауданы аумағында тұрғындардың сұранысы мен өтініштеріне сәйкес барлық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Алдағы уақытта да ауданның бес жылдық даму жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар жасау жалғасатын болатынын айтқан әкім жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу негізгі жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен атқарылып, ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар осы жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды,-деді аудан әкімі.

Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 пайыз. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстардың аяқталса, қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған іс бітсе, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайыз болады.

2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында көп қабатты үй аумағында 5 аула мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарланған.

Сондай-ақ, 2024 жылға дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру жоспарланған. Аудан аумағында жалпы 45 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin