Түркістан облысы: Арыс қаласының әкімі алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес наградталған арыстық көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті. Нақтырақ айтқанда, 7 және одан көп баласы бар үш анаға «Алтын алқа» табысталса, 6 баласы бар 21 анаға «Күміс алқа» берілді.

«Алтын алқа» белгісі ҚР ордені мәртебесіне ие. Қала басшысы алтын құрсақты, батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан – барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді шаһар басшысы.

Төстеріне алқа таққан аналар да әкімге алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 146 ана «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталды. Қазіргі таңда қала бойынша 2634 батыр ана бар. Барлық батыр аналарға ай сайын табысына қарамастан мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек, барлық батыр аналар қоғамдық көліктерде тегін қатынайды.

Бала демекші, облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары «Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар» диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады.

Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.

Науқас ОБА-ның нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin