Шымкент: Жастарды баспанамен қамтуға арналған «Жастар» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.

«Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

-Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы;

− ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);

− өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;

− өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы;

− өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;

− тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы.

Пәтер саны – 900.

1 бөлмелі – 238

2 бөлмелі – 412

3 бөлмелі – 250

Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан.

Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

Осыған дейін Шымкент қаласында жоба аясында 2020 жылы – 904 адам, 2021 жылы – 300 адам, 2022 жылы 857 жас пәтермен қамтылды. Ал биылғы жылдың соңына дейін «Тұран» ықшам ауданында орналасқан 800-ден аса пәтерді жалға беру жоспарланған.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin