Шымкент: 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді. Бұл айлық тұрғын үй секторларындағы қауіпсіздікті күшейтуге және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Іс-шара барысында үш негізгі кезең бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 8 мыңнан астам тұрғынға қол қою арқылы қауіпсіздік жадынамалары таратылды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – осал топтардың жылыту маусымы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың ақпараттық деңгейін арттыру.

Қаладағы табиғи газға қосылмаған және пропан газ баллондарын қолданатын 22 жатақханаға толығымен тексеру жүргізілді.

Одан бөлек, 13 мыңнан астам қатты отынмен жылытылатын тұрғын үй тексеріліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жасалды. Пеш мұржаларын тазарту, ақаулы құрылғыларды ауыстыру және қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында 2024-2025 жылғы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар қарқын алды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде ақпараттық, профилактикалық және техникалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Маусымның басынан бері 54 мыңнан астам адам қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратпен қамтылып, әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді.

Әлеуметтік желілерде 200-ден астам пост жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 123 материал жарық көрді, оның ішінде: 37 газет мақаласы, 23 телехабар, 63 радио хабарлама.

Қаланың шағын аудандарында 185 рет дауыс зорайтқышпен түсіндірме хабарламалар жасалды.

  • 25 848 тұрғын үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • 68 интерактивті сабақ өткізіліп, 2 000-нан астам оқушы қауіпсіздік негіздерін меңгерді.
  • Қоғамдық орындар мен шағын аудандарда 82 жиын ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты.

Қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен газдандыру жүргізілмеген тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлінді:

  • 136 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды, бұл улы газдың әсерін анықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • 193 үйдің түтін мұржалары тазаланды, бұл пешті дұрыс қолдану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шара.

Сонымен қатар, көктемгі жаңбыр салдарынан Шымкент қаласында зардап шеккен екі жеке тұрғын үйдің жылу беру маусымына дайындығы тексерілді. Тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кешенді үгіт-насихат іс-шараларының жоспары дайындалып, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттер мен улы газдан болатын қайтыс болу оқиғаларын алдын алу үшін арнайы жоспар құрылды. Жоспар бойынша, алкогольдік ішімдіктер бойынша есепке алынған адамдардың тізімі жасақталды, ал өрт орын алған аймақтарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Лэд экрандарда «Өрт қауіпсіздігі талаптары» және «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында видеороликтер көрсетілді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта өрт профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын хабарлайды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin