
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының әкімшілік шаруашылық, құжаттандырумен қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев пен Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Бақылау барысында бөлім тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігімен анық ақпараттың болуы, ғимараттың дабыл батырмаларының іске жарамдылығы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың болуы сияқты т.б. мәселелер қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.
Біздің елімізде және шетелде мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметпен тығыз байланыста. Бұл кездейсоқ емес, себебі мемлекет қызметті мемлекеттік органдар, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар арқылы көрсетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын басқару мәселелерін зерттеу кезіндегі негізгі қиындық «мемлекеттік функциялар» мен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ұғымдарының арасын нақтырақ бөлу қажеттілігінде, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің орны мен рөлін және олардың сапалы орындалуын анықтау болып тұр. Содан кейін мемлекеттік орган және мемлекеттік қызметші жұмыстарының тиімділігін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылаудың кері байланысы қажеттілік ретінде маңызды.
Қоғамдық бақылауды жүргізу қоғаммен бірге мемлекеттік билікке де пайдалы. Расымен де, бұл жұмыс мемлекетті жауапты болуға, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, адамның құқығы мен бостандығын қорғауға және сыйлауға, жалпы айтқанда ортақ игілігінің тиімділігіне әрекет етуге міндеттейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалаудағы қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік органдар жұмыстарының кері байланысын қамтамасыз ету. Бұл құрал сол немесе басқа да қызметтердің мақсаттылығы мен қажеттілігін және де оларды көрсету әдістерінің тиімділігін анықтауға септігін тигізеді. Тек қана қоғамдық бақылау арқылы мемлекет қоғам және нәтиже үшін жұмыс жасай алатын болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Соның нәтижесінде оларды заңнамалық деңгейде реттеу қажеттілігі туындады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ұғымын, сонымен бірге қызмет алушының құқығын және қызмет алушының құқығы мен міндеттерін анықтайтын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында жеке тұлғаларға және үкіметтік емес ұйымдарға басқарушы шешімдерді қабылдау кезінде белсенді қатысуға мүмкіншілік беретін, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мен дамытудағы қоғамның рөлін арттыратын жаңа әдістер енгізілді.
Осындай әдістерінің бірі — мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын жетілдіру бойынша әрбір азаматқа өз ұсынысын беруге мүмкіншілік беретін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау.
Тағы бір маңызды және түйінді механизмдерінің бірі — жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен іске асыратын, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қоғамдық мониторингті қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүргізу.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпараттарды жинақтау және талдау жұмыстары жүргізіледі, қызмет берушілерге заң талаптарының сақталмауы фактілерін жою туралы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасын және оңтайландыруын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленеді. Қызметті көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілер және мемлекеттік қызметші тарапынан жіберілген рәсімділік пен субъективтік бұзылушылықтар анықталады.
Аталған мониторинг қандай да бір саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына азаматтардың қанағаттанушылығы туралы ақпаратының қажетті нәтижесін алуға көмек береді. Сонымен қатар бұл жұмыс мемлекеттік деңгейдегі халыққа қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша өткізіліп жатқан өзгерістерге азаматтардың сенім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде халықпен жұмыс жасаудың түрлі формалары пайданылады: сауалнамалар, фокус-топтар және сұхбат жүргізу, «құпия сатып алушы», мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне бақылау жүргізу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің рейтингі бекітіліп, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау бойынша қызмет алушылар арасында сұрақ қою арқылы жүргізіледі және келесі критерийлер бойынша бағаланады: ақпаратқа қолжетімділік, қызмет сапасы, оны көрсету үдерісі, қызметтер туралы ақпарат, қызметтің нәтижесі мен оларды электронды түрде көрсету.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі — халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы хабардарлығын және құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзылушылықтарын ескерту және сыбайлас жемқорлықтар көріністері мен іс-қимылдарын жою.
Мемлекеттік органға қызмет алуға барған әрбір азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем ақысы, оны төлеу әдістері, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және т.б.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде ақпараттық стендтер орнатылған, ресми сайттарында қажетті мәліметтер берілген. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң нормалары бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту және халықты ақпараттандыру бағытында шаралар өткізілуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
