Сәрсенбілік брифинг: Шымкент шаһарында көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

2025 жылы Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілу үстінде. Құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан қала аумағындағы 26 көпқабатты үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 20, Тұран ауданында – 4 және Еңбекші ауданында 2 тұрғын үй бар. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданындағы 5 көпқабатты үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Олар: Күншығыс шағынауданындағы — №25 және №37 үйлер, 17-шағынаудандағы — №9/А үй, Рашидов көшесіндегі — №25/Б үй және Жангелдин көшесіндегі — №18 үй. Қалған 21 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін кезең-кезеңімен аяқталатын болады.

Жоспар бойынша, Әл-Фараби ауданында тағы 15 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: Володарский көшесі №9, 16-шағынаудан №9, №40, №41 және №23 үйлер, Күншығыс шағынауданындағы №8, №108А, №23 үйлер, Ә.Жангелдин көшесі №22А, Сайрам көшесі №12 үй, 18-шағынаудан №59, №18 және №24 үйлер, 17-шағынаудан №17 үй, сондай-ақ Сайрам шағынауданындағы №6 үй.

Еңбекші ауданында екі көпқабатты үйде жөндеу жүргізілуде. Олар: Уәлиханов көшесі №188 және Елшібек батыр көшесі №118 үйлер.

Ал Тұран ауданында төрт үй жөнделеді: Отырар шағынауданындағы №41 үй, А. Асқаров көшесі №32А, А. Байтұрсынов көшесі №67А және 4-шағынаудан №21 үй.

Сонымен қатар, қаладағы көпқабатты үйлердің тозығы жеткен жедел сатыларын (лифтілерін) ауыстыру жұмыстары да қолға алынған. Биыл 17 лифт жаңартылады. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 1 (Рашидов көшесі №26 үй), Тұран ауданында – 1 (Темірлан тас жолы №1Г), Қаратау ауданында – 15 лифт. Қаратау ауданында Нұрсәт шағынауданындағы бірнеше үйлерде және Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйлерде лифттер ауыстырылады. Атап айтқанда: Нұрсәт шағынауданындағы №134А, №134Б, №212, №213, №215, №216, №219, №221 үйлер, Назарбаев көшесі №24 және №26 үйлер, Астана көшесі №100 үй, сондай-ақ Нұрсәт-2 шағынауданындағы №23А, №23Б және №31 үйлер.

Жоспарланған барлық күрделі жөндеу және лифттерді ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтіліп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You