
Түркістан қаласында тағы 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылды. Енді қаладағы әлеуметтік дүкендер саны 30-ға жетті.
Ғимараттар жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен салынып, игілікті бастама «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен серіктестікте жүзеге асырылуда. Жұмысын бастаған әлеуметтік дүкендерге тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіліп, белгіленген бағада халыққа ұсынылып жатыр.
— Түркістан облысында 39 әлеуметтік дүкен бар. Оның 7-еуі Кентау қаласында болса, 2-еуі Арыс қаласында, 30-ы Түркістанда орналасқан. Әрбір әлеуметтік дүкен көлемі — 50 шаршы метр. Бұдан бөлек, ірі сауда үйлерінде және 25 сауда орында әлеуметтік бұрыштар қарастырылған. Өңірдегі тауар өндірушілермен тығыз жұмыс істеп, аталған дүкендерге қажет өнімдерді жеткізуді ұйымдастырып келеміз. Мұнда тұрғындар күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар арнайы қолжетімді бағада сатылуда. Яғни, 40-50%-ға дейін төмен бағада ұсынылуда. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру және әлеуметтік дүкендер санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады, — дейді «Түркістан» ӘКК» АҚ Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.
Әлеуметтік дүкендер Жаңа қала шағынауданында бой көтерген. Мекенжайлары:
- 9-көше №20/3;
- 11-көше | №14/1;
- 24-көше №12/1;
- 24-көше №16/1
Әлеуметтік дүкендердегі 19 түрлі тауардың 2025 жылғы тамыз айына бекітілген бағалары:
* Нан бөлкесі – 70 теңге;
* Ас тұзы – 45 теңге;
* Тауық жұмыртқасы — 40 теңге;
* Қырыққабат — 65 теңге;
* Пияз — 85 теңге;
* Сәбіз — 110 теңге;
* Картоп — 130 теңге;
* Қарақұмық жармасы — 180 теңге;
* 1 сұрыпты бидай ұны — 190 теңге;
* Рожки — 260 теңге;
* Тазартылған күріш — 350 теңге;
* Қант-шекер — 390 теңге;
* Пастерленген сүт (майлылығы 2.5%) — 370 теңге;
* Айран майлылығы 2,5% — 370 теңге;
* Күнбағыс майы — 550/585 теңге;
* Тауық еті — 970 теңге;
* Сүзбе (майлылығы 5-9%) — 1300 теңге;
* Сиыр еті — 2000 теңге;
* Сары май (72,5% майлығынан төмен емес) — 2300 теңге.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
