
Түркістан облысында 801 елді мекеннің 763 елді мекені (7 қала, 756 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыста ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 38 ауылдық елді мекен (халық саны – 31,4 мың адам) қалып отыр.
Осы мақсатта 2025 жылға 30 елді мекеннің (Сарыағаш ауданы — 9, Келес ауданы — 13, Қазығұрт ауданы — 1, Ордабасы ауданы — 3, Отырар ауданы — 2, Бәйдібек ауданы — 2) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 19,7 миллиард теңге (Ұлттық қордан — 0,5 миллиард теңге, республикалық бюджеттен — 1,5 миллиард теңге, облыстық бюджеттен — 4,6 миллиард теңге, СГФ — 13,1 миллиард теңге) бөлінді.
Бүгінгі күнге 10 айдың қорытындысына сәйкес 21 елді мекенде (Сарыағаш ауданы — 8, Келес ауданы — 5, Ордабасы ауданы — 3, Қазығұрт ауданы — 1, Отырар ауданы — 2, Бәйдібек ауданы — 2) құрылыс жұмыстары аяқталды.
2025 жылдың қорытындысына сәйкес, облыстағы 801 елді мекенді (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 14 903,0 шақырымды құрайды, оның ішінде 5 177,3 шақырымы немесе 34,7% тозығы жеткен. Тозығы жеткен су құбырларының тозу деңгейін төмендету мақсатында 2025 жылы бюджет есебінен 1 866,1 миллион теңге бөлініп, қорытындысына сәйкес 9 елді мекендегі тозығы жеткен 247,1 шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде, тозығы жеткен су құбырларының ұзындығы 4 930,2 шақырымды құрап, тозу деңгейі 33,1%-ға төмендетіледі.
Облыста ауыз сумен қамтылған бірнеше елді мекендерде жер асты суларының төмендеуінен, кермектілігі жоғары болуынан, су құбырларының тозуына байланысты, 192 елді мекенге (530,9 мың тұрғын) ауыз су кестемен беріледі. Соның ішінде 121 елді мекендегі (354,8 мың тұрғын) оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 71 елді мекендегі (176,1 мың тұрғын) топтық су жүйелері — министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Аталған елді мекендерді тәулік бойы 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іс-шара жоспары бекітілді. 2025 жылы 30 елді мекеннің мәселесі шешіліп, тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
«Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әрбір елді мекеннің шешу жолдары қарастырылып, қажетті қаржылары есептеліп, жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды», — дейді облыс әкімдігіндегі жауаптылар.
Инфрақұрылым мәселесі сөз болғанда, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын да айта өтсек.
Өңір тұрғындарын 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымында жылумен қамтамасыз ету бойынша жылу желілерін реконструкциялауға облыстық бюджеттен 3 нысанға 2,3 миллиард теңге қарастырылып, бөлінген қаражат толық игерілді. Аталған қаражат есебінен 42 шақырым жылу желілері толықтай қайта құрылды. Жылу желілерінің реконструкциялау жұмыстары:
- Магистралды жылу желілерін реконструкциялау бойынша 1 шақырымы;
- Ішкі орам жылу желілерін реконструкциялаудың І кезегі 6 шақырымы;
- Ішкі орам жылу желілерін реконструкциялаудың ІІ кезегі 35 шақырымы 2026 жылға жалғасады.
Бұдан бөлек, стансаның жабдықтарында, турбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде электр энергиясын өндіру көлемі 5 МВт-тан 10 МВт-қа дейін артты. 2024–2025 жылдары Кентау жылуэнергоорталығында 6 қазандықта толық реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 8 қазандыққа басқарудың автоматтандырылған жүйесі орнатылып, жалпы жылу беру процестері автоматтандырылды.
Ал облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қалаларда жасыл желектерді күтіп ұстау және тазалау іс-шаралары тұрақты түрде атқарылуда. Биыл облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңға толық орындалды. Жыл басынан іс-шараға 1 миллионнан астам тұрғындар қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылып, көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 1 миллионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңға бұқаралық ақпарат құралдарында 609 арнайы бейнеролик, телеканалдарда — 175, пабликтерде 13 379 ақпараттар жарияланып, 101 дана билборд орнатылған. Бүгінгі күнге «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 423 өтінім түсіп, оның 3 420 өтінімі орындалып, 3-і — орындалу барысында. Сондай-ақ қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңға бұл бағытта санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 27 137 хаттама толтырылып, жалпы 554,1 миллион теңгеге айыппұл салынды (Өндірілген қаржы 317,9 миллион теңге). Сонымен қатар 505 бап бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 745 хаттама толтырылып, 41,9 миллион теңгеге айыппұл салынған. Бұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
