Түркістан облысында соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды

Түркістан облысында халық саны — 2 150,2 мың адамды, экономикалық белсенді халқы — 858,8 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 818,7 мың адамды құрайды. Жұмыссыздар саны 40,0 мыңды төңіректеді.

2025 жылы облыс әкімі бекіткен «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын (83 554 тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 104 100 жұмыс орнын құрайды (59 014 тұрақты, 45 086 уақтыша жұмыс орын).

Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Дегенмен жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Кедейлік деңгейі 4,4%-ға төмендеді. Биылғы 10 айда 130 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді.

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға қарасақ, 121 796 жұмыс орыны ашылып, 76 379 тұрақты, 45 417 уақытша жұмыс орнын құрайды. Оның ішінде, бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында 4 074 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 334 жоба аясында 3 782 адам жұмысқа жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын құру» тапсырмасына сәйкес 32 429 жұмыс орны ашылды (жоспар: 22 595 орын). «Еңбек» бағыты аясында нақты 83 548 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Оның ішінде:

— 39 675 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 69,3%-ы орындалды (жоспар: 57 221 адам);

— 31 501 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып (2024 жылдан өтпелі 12 621 адам), жоспар 97,0%-ы орындалды (жоспар: 32 465 адам).

Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында «Еnbek.kz» платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 5 343 адам онлайн оқытудан өтіп (жоспар: 4 100 адам), 5 207-і немесе 97,5%-ы сертификат алды. Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 5 241 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды (жоспар: 5 210 адам). Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1 788 адамға 2,8 миллиард теңгеге грант берілді (жоспар: 1 793 адам). 

Жалпы, жұмыспен қамту шараларына қаралған 30 469,4 миллион теңге қаржының 23 690,5 миллион теңгесі игерілді (77,7%). Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды (жоспар 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 1,8%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрады.

Айтпақшы, реті келгенде, «Кәсіпорындарға жұмысқа қалай орналасуға болады?» деген мәселені түсіндіре кетейік.

Жұмыс берушілер «enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарын жариялайды. Мұнда зауыттарға арналған жұмыс түрлері, талаптар мен жалақы көрсетіледі.

Жергілікті мансап орталықтары арқылы жұмыссыз азаматтарға немесе жас мамандарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жолдама беріледі.

Жұмыс іздеуші «Enbek.kz» порталынан немесе мансап орталықтары арқылы өзіне лайықты бос орындарды қарап, түйіндемесін жолдай алады.

Мансап орталығы білімі мен тәжірибесіне қарай жұмыс ұсынады. Егер лайықты орын табылса, азаматқа жолдама қағаз немесе электронды түрде беріледі.

Жолдамада мекеме атауы, лауазым, сұхбат уақыты мен байланыс нөмірі көрсетіледі. Азамат сұхбатқа барып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдаймен Түркістан облысы бойынша 9 ірі кәсіпорынға 372 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, Сайрам ауданы бойынша «Kaz eco meat» ЖШС-на 36 адам, «AYKAN» ЖШС-на 10 адам, Созақ ауданы бойынша «Волковгеология ГРЭ-5» АҚ-на 55 адам, «Волковгнология ГРЭ-7» АҚ-на 45 адам, «KapLogistic» ЖШС-на 65 адам, «Drilling» ЖШС-на 36 адам, Сарыағаш ауданы бойынша «Bah_Asmar» ЖШС-на 45 адам, Ордабасы ауданы бойынша «Altyn Land» ЖШС-на 55 адам, «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-на 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You