Бірлік пен нәтижелі еңбектің үлгісі болған Көксарай мен Аққұм ауылдарында инфрақұрылымға көңіл бөлініп жатыр

Туған жерінің дамуына атсалысқан ауылдың тумасы, Отырар ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер Оразхан Кенжеғұлұлының демеушілігімен Көксарай ауылы орталығынан заманауи үлгідегі «Құтты мекен — Көксарай» естелік саябағының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, демеуші есебінен ұзындығы 24 метр болатын автотұрақ құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек демеуші есебінен Көксарай ауылынан аумағы 2,2 гектарды құрайтын жер көлеміне 200 орындық балабақша құрылысы басталып, бүгінгі таңға ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда.

Жыл басынан бері елді мекенде бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілген. Мәселен, аудандық бюджет есебінен Көксарай ауылындағы ұзындығы 790 метр болатын Қазыбек би көшесі, ұзындығы 1500 метр болатын Алатау батыр көшесі асфальтталса, жыл соңына дейін ұзындығы 1040 метр болатын Көктем көшесін асфальттау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Шеңгелді елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Елді мекендегі К.Арынов көшесіне (1100 метр) аяқжол төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Ал, жергілікті бюджет есебінен Көксарай ауылындағы Ынтымақ көшесінің (485 метр), Алатау батыр көшесінің (120 метр), Шәуілдір-Аққұм тасжолының (270 метр) бойы жарықтандырылды.

Отырар ауданы бойынша 2021-2025 жылдарды елді мекендерді көгалдандыруға арналған іс-шара жоспарына сай 2025 жылдың көктем мезгілінде 2000 дана қарағаш көшеттері отырғызылған. Ауылдың тазалық жұмыстарына «МТЗ-920» маркалы 1 дана трактор тіркемесімен алынып, күнделікті қоқыс қалдықтары арнайы орындарға жеткізілуде.

Ал Аққұм ауыл округінде Ауыл округінде жаңадан бой көтерген ауылдық мәдениет үй және медициналық амбулатория ел игілігіне қызмет етуде. Ағымдағы жылы ауыл тұрғындарының сұранысына сай ұзындығы 1030 метр болатын Ж.Омаров көшесіне, ұзындығы 1530 метр болатын И.Байдәулетов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Аққұм елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Әйткенмен қазан айында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлымен кездесу барысында ауыл тұрғындары ағын су, ішкі көшелерді жөндеу, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу секілді мәселелер бойынша талап-тілектерін айтып, сауалдарын жолдаған-ды. Көтерілген мәселелерге байланысты аудан басшысы жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You