
Бұл жөнінде Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуінде айтылғаны — есте. Кездесуде аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталған аудан басшысы ауыл округі бойынша жүзеге асқан жобаларға тоқталған-ды.
Шілік ауыл округінде жыл басынан бері бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есібінен «Ардагерлер» көшесін жарықтандыру, Жанәділ Жұмабай көшесіне тас төсеу жұмыстары атқарылса, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 650 метр болатын Адырбек көшесін, Жаңа Шілік елді мекенінде ұзындығы 1200 метр болатын №4 көшесін жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, Ескі Шілік елді мекенінде ауыз су жүйелерін жаңарту жұмыстары атқарылса, Жаңа Шілік елді мекенінде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Ескі Шілік елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілі, М.Шаханов мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған.
Ауыл округінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету һәм мал ұрлығы секілді қылмыстардың алдын алу мақсатында 5 дана бақылау бейнекамерасы орнатылып, іске қосылды.
Жиында ауыл тұрғындарының жолдарды жөндеу, ауыз су, каналдарды тазалау, жұмыссыздық мәселелері бойынша қоуған сауалдарына тиісті бөлімдер мен сала орынбасарлары жауап берді. Бірқатар мәселелер заңдылығына қарай тиісті кезеңде шешімін табатыны түсіндірілді. Кездесу соңына ауыл қариялары аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.
Ал күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған жерінде — Ақтөбе ауыл округінде мәдени-спорттық іс-шаралар тұрақты өтіп келеді. Елді мекенде балалардың бұқаралық спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, Ә.Қамбаров атындағы жабық спорт кешені және ашық спорт алаңшасы балалардың дене шынықтырумен еркін айналысатын орнына айналған.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес ағымдағы жылы Ақтөбе ауылының ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 298 үй тұрақты таза сумен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, ауыл округіндегі Жаңа көше-2 және Ынтымақты көшелеріне асфальт төселіп, ел игілігіне берілді. Ал, жыл соңына дейін А.Құнанбаев пен Ә.Құрамысов көшелеріне жарықшамдарды орнату жұмыстары атқарылады деп күтілуде.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары жайылымдық жер, ағын су, мемлекет меншігіне алынған каналдың құжаттарын рәсімдеу, ауылдың кіре берісін абаттандыру секілді мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшылары жауап беріп, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
