![]()
Отырар ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласының өкілдері, Отбасын қолдау орталығы мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – әлеуметтік осал отбасыларды қолдау, отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру болды.
Халықтың кірісін арттыру және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағытында ауданда нақты жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл аудан бойынша 39 азаматқа жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланған. Алғашқы лек нәтижесінде 20 азамат грант иегері атанса, оның 13-і – өз кәсібін ашып, отбасылық табысын арттыруға мүмкіндік алған әйелдер.
Жиында сонымен бірге:
Әлеуметтік қамтамасыз ету: Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, “FSM Social” ақпараттық жүйесі арқылы 100-ден астам отбасыға кешенді психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету;
Инклюзия мен денсаулық: Ана мен бала денсаулығын қорғау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау;
Құқықтық қорғау: Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелеу мәселелері де сөз болды.
Отырыс соңында тиісті бөлімдерге отбасы институтын нығайту, әлеуметтік көмектердің атаулылығын қамтамасыз ету және әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
