Шымкент: Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 17 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс атқаруда

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 17 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс атқаруда.


10 жер қойнауын пайдаланушы бақылап-өлшеу құралдарын орнатты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың барысына тоқталды.

Бүгінде келісімшарт міндеттемелерін орындамаған, әлеуметтік төлемдерді жасамаған 13 жер қойнауын пайдаланушының қарыздарын мәжбүрлеп өндіру бойынша істер Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласының сотына жолданып, шешімдері қабылданды.

Шымкент қаласы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен карьерде және тас майдалайтын қондырғының аумағында бақылап-өлшеу құралдарын (таразы) орнату мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізіліп, ескертпе хаттар ұсынылды. Нәтижесінде, 10 жер қойнауын пайдаланушы бақылап-өлшеу құралдарын орнатты.

Сондай-ақ, келісімшарттары бұзылған жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтарын қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау жүргізілуде. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.