
Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекке 2021 жылға бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінген (республикалық – 12,5 млрд теңге, жергілікті бюджет – 955,7 млн теңге).
Жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасы саны – 43 889, тағайындаудан бас тартатылғаны – 6173. 2854 өтініш учаскелік комиссия қарауында.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балалары 47 244 кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, жалпы атаулы көмек түрі азаматтардың аяққа тұрып кету үшін берілетінін, тұрақты түрде көрсетілмейтінін атап өткен жөн.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
604775 791583Wohh exactly what I was searching for, regards for putting up. 910025
633311 699814bless you with regard to the specific blog post ive truly been searching regarding this kind of info on the web for sum time proper now as a result cheers 503031
963441 623744So funcy to see the article within this weblog. Thank you for posting it 456567
840946 137343somehow identified your website when i was kind of stoned. great read 643636