Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.
– Шымкентте бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қаланың 8 жерінен жылжымалы әлеуметтік орын ұйымдастырылды. Сонымен қатар қала әкімдігіне қарасты төрт аудан апта сайын азық-түлік жәрмеңкесін өткізіп келеді. Одан бөлек, мегаполисте жыл басынан бері тәулігіне 90 мың дана нан түрін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (бөлке) өндіретін наубайхана ашылды. Бұл наубайхана бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып отыр, – деді Асқар Сәкенұлы.
Басқарма басшысының сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі осы жылдың I тоқсан қорытындысымен 103,1 пайызды құрап, елімізде 12-орынға тұрақтаған. Осы орайда қаладағы азық-түліктің бағасын негізсіз өсірмеу үшін басқарма мен бірқатар ірі сауда желілері, азық-түлік базарлары және жергілікті тауар өндірушілерімен 14 меморандум түзіліп, тұрақтандыру қоры қарастырылған. Олардың қатарында «Магнум», «Грамад», «Фиркан» сауда үйлері мен «Жібек жолы», «Алаш», «Айна», «Орталық қырғы базар» және «Қапланбек» базарлары бар.
Баспасөз брифингінде спикер алдағы уақытта ет өнімдерін өз бағасында сату үшін ет өндіруші шаруа қожалығымен төрт сауда нүктесін ашу келісілгенін атап өтті. Сондай-ақ, 15 пайыздан асқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасына тоқталды.
– Қалада ІI тоқсанға белгіленген шекті бағамен салыстырғанда үш тауардың бағасы 15 пайыздан жоғарыны көрсетті. Олар – қырыққабат, 1-санатты жұмыртқа және күнбағыс майы. Аталған тауарлардың бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуы мен өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттаған. Бұл ретте бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері белгіленіп, қаулы жобасы әзірленді. Нәтижесінде 1-санатты жұмыртқа – 392 теңге (10 дана), ал күнбағыс майының литрі 605 теңге болып бекітілді. Бұл қаулы бойынша мемлекеттік тіркеу шаралары жүргізіліп отыр, – деді ол.
Айта кетейік, қалада жылжымалы әлеуметтік нүктелер «Алаш», «Жаңа шахар», «Айна», «Қапланбек» базарлары мен А.Байтұрсынов көшесі №73, 11 шағын ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, Алпамыс батыр атындағы №40 гимназияға қарсы беті, Т.Рысқұлов көшесі, №18 үй «Farmline» әлеуметтік дәріханасына қарама-қарсы беті және Ж.Шаяхметов көшесі, №4 үйдің қарсы бетінде орналасқан.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You are in point of fact a excellent webmaster. This web site loading velocity is incredible.
It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterpiece. you have
done a wonderful task in this subject! Similar here: elysionix.top and also here:
Zakupy online