Шымкент: Қоғамдық көлік саласын дамыту мақсатында 4 бағыт ұйымдастырылды

Шымкентте қоғамдық көлік саласын дамыту мақсатында 4 бағыт ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын реттеу, жүйелендіру және дамыту мақсатында әзірленген кешенді схемасына сәйкес, 4 бағыт ұйымдастырылды. Атап айтқанда, №18 (Самал – Азала текстиль фабрикасы), № 42 (Қайтпас – Теміржол вокзалы), №44 «Таскен – Айна базар», № 206 (Сайрам – Абдулабад) бағыттары жолаушыларға қызмет көрсетуде. Қалған маршруттардың жұмысы қаладағы газ толтыру станцияларының құрылысы аяқталысымен қолға алынады.

Бүгінде инвестор тарапынан газ толтыру станциясының негізгі жұмыстары аяқталуда (металлоконструкцияларды орнату, инженерлік желілерді өткізу және құрылғылардың монтаж жұмыстары). Сонымен қатар, газ станциясының негізгі құрылғылары шетелден Шымкент қаласына жеткізілді және тиісті кеден процедураларынан өтуде.

Еске сала кетсек, үшінші мегаполистегі жо­лаушылар тасымалының жұмы­сын жақсарту мақсатында жыл басынан бері мамандар тарапынан жүргізілген зерттеуде сауалнамаға қатысқандардың 75 пайызы қо­ғамдық көлікті жаңғырту қажетіне мән берген.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.