Шымкент: 22 шақырым магистралдық суаққының құрылысын жүргізу жоспарланған

Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі.


Бұл бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.

 Өткен жылы 34 мыңнан аса тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-ға жетті.

Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 4,48 шақырымды құрайтын Көмешбұлақ, 9,37 шақырым және 10,61 шақырым болатын 3 магистралды суаққының құрылысы жүргізілуде.

Жалпы 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік бөлігінің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Сайрам су» жаңа ауыз су көзінің және 22 шақырым магистралдық суаққының құрылысын жүргізу жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.