
Шымкент қаласының картасында төтенше жағдай кезінде жиналатын 129 эвакуациялық пункт пайда болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Эвакуациялық пункттерді электрондық іздеу жүйесін Төтенше жағдайлар департаменті мен 2GIS қызметкерлері бірлесе отырып іске асырып отыр.
Айта кету керек, бұл мобильді қосымша тұрғындар мен қала қонақтары үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жақын маңдағы эвакуациялық пункттерге келу үшін пайдалы болады. Аталмыш эвакуациялық жинау пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі және қажетті ақпарат ұсынылатын болады.
Халықты қабылдау нүктелерін табу үшін 2GIS мобильді қосымшасына кіріп, іздеу жолына «Төтенше жағдайлар кезінде жинау пункттерін» енгізсеңіз жеткілікті, ең бастысы, ең жақын жерді таңдауды ұмытпау керек.
Еске сала кетейік, 2GIS офлайн режимде жұмыс істейді, сондықтан сіз интернетсіз де эвакуациялық нүктені таба аласыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
898889 760137This website can be a walk-by way of for all of the data you required about this and didnt know who to ask. Glimpse here, and also youll definitely uncover it. 809290
337663 566202hello I was very impressed with the setup you used with this website. I use blogs my self so very good job. definatly adding to bookmarks. 241145