Шымкент: 2000-нан астам отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Шымкентте 2000-нан астам отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Қала әкімдігі мен мешіттердің үйымдастыруымен бастау алған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясын жалғастырған кәсіпкерлер бүгін қаладағы аудандардың орталық мешіттерінде мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасаған.

Ал жалпы, Рамазан айының үш күнінде мұқтаж 2000-нан астам жанұя «Рамазан қоржынына» қол жеткізіпті.

Қасиетті айда бастау алған игі шараны шымкенттік қайырымды жандар әлі де үздіксіз жалғастырып жатыр.

Рамазан айының алғашқы жұмасында «Ақмешіт» орталық мешітінде жомарт кәсіпкерлердің демеушілігімен Абай ауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.

Айта кетейік, азық-түлік себеттері қасиетті Рамазан айының соңына дейін белгіленген тізім бойынша қаладағы 6 мешітте (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) үлестірілетін болады. Ал келуге мүмкіндігі болмаған жандардың үйлеріне қораптарды апаруға еріктілер атсалысуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. It has four dosing bands that could be adopted by the Centre National de Malariologie and, if suitable, adopted also by other malaria control programmes in the GMS as part of their urgent efforts to control and eliminate ARPf priligy reddit Jepsen also amended the lawsuit to name Mylan President Rajiv Malik and Emcure CEO and Managing Director Satish Mehta as individual defendants

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.