Бұл туралы Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Қ.Қазиев және Ш.Қалдаяқов көшелеріндегі жол сызықтары және жаяу жүргіншілер жолақтарын термопластпен сызу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар Шымкент қаласында алдағы уақытта Магистралды көшелерді термопластпен сызу жұмыстары атқарылатын болады,-деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаратау ауданы аумағындағы көшелердің аяқжолдарын және аялдамаларды тазалау жұмыстары орындалды. Тазалық іс-шарасына жалпы 40 жұмысшы, 2 дана техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының аудан аумақтарында ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары атқарылуда.
Аудан әкімдігі тұрғындарды өздері тұратын аумақтағы жол-көше бойындағы ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазалау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?