Шымкент: Тұрғын үй басқармасының басшысы азаматтарды қабылдады

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Қала тұрғындары тұрғын үй кезегіне тұру, кредиттік пәтерге қол жеткізу және сатып алу құқығымен берілетін пәтерлерді жекешелендіру және тағы басқа толғандырған сұрақтар бойынша сұрақтар жолдады. Басқарма басшысы мемлекеттік тұрғын үй қоры кезегі бойынша арендалық тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен және кезек ретімен берілетіндігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, келесі комиссия отырысы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық пәтерлер тұрғын үй кезегі санаттары бойынша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік әлсіз топ мүшелеріне кезек бойынша үлестірілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.