Шымкентте 30 мыңнан аса отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген

Шымкентте «Берекелі Рамазан керуені» атты қайырымдылық шарасы өтуде.


Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен акция республикалық телекөпір аясында ұйымдастырылды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өтіп жатқан игі шара барысында қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы әкімдікпен бірлесіп атқарған қайырымдылық жұмыстарын баяндады.

– Бүгін қаламыздағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарындағы 6 мешітте көпбалалы және тұрмысы төмен 1000 отбасына азық-түлік себеттері беріледі. Рамазан айының бірінші онкүндігінде 17 100 отбасына көмек көрсетілген болатын. Екінші онкүндік әлі аяқталмаса да 15 мыңнан аса отбасыға азық-түлік өнімдерін үлестіріп үлгердік, — деді Бақдәулет қажы Нұрматұлы.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңына дейін жалғасады. Бүгінде қалада «Рамазан – қайырымдылық айы» қайырымдылық шарасы бойынша көмек алушылардың базасы жасалып, шаһардағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.