
2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Шымкент қаласында алғаш рет аймақтағы бірегей әрі ауқымды форматтағы «Global Tech Wave Central Asia» («GTW CA») цифрлық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар мен стартаптар, инвесторлар және ірі корпорациялардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар мен серіктестер қатарында «YouTube», «SIRI», «Atari», «Ubisoft» және «Griffin Gaming сияқты әлемдік танымал компаниялар болды. Сонымен қатар, Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz және European Business Angels Network» сынды ірі венчурлық қорлар да өз қатысуын растады. Бұл қазақстандық стартаптар үшін инвестициялардан бастап, кәсіби тәлімгерлік пен стратегиялық даму мүмкіндіктерін ашты.
«GTW CA» — бұл «LA Tech Week» шарасынан басталған, кейін Грузияның Тбилиси қаласында өткен іс-шаралар тізбегінің бір бөлігі. Шымкент Орталық Азиядағы басты алаңға айналып, іс-шара әрі қарай Үндістан мен Уругвай елдерінде жалғасты.
Үш күн ішінде қаладағы түрлі нүктелерде 30-дан астам шара өтті. Олардың тақырыптары Web3, жасанды интеллект, финтех, мәдениет пен қоғамдағы цифрлық трансформация сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарды қамтыды. Бірінші рет бағдарламаларға кино, ойын индустриясы және киберспорт бағыттары енгізілді.
Конференцияның екінші күні 120-дан астам спикер қатысқан панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Қатысушылар B2B және B2G форматындағы кездесулер өткізіп, компанияларын көрмеде таныстырды. Сонымен қатар, екі халықаралық стартап байқауы өтті, онда перспективалы жобалар жаһандық аудитория алдында өздерін көрсете алды.
Форумдағы панельдік сессияларда өзекті тақырыптар — нарықтар мен салалардың қазіргі таңда бетпе-бет келіп отырған нақты сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері ашық талқыланды. Атап айтқанда, цифрлық қаржы құралдары, мобильді əмияндар, ашық API жəне жаңа реттеу тəсілдері (Fintech), автоматтандыру, тұрақты өндіріс жəне дəстүрлі өнеркəсіпке цифрлық шешімдерді енгізу мəселелері («Industrial Tech») талқыға түсті.
Іс-шараға 20-дан астам елдің өкілдері қатысты, бұл «GTW CA-ның» халықаралық деңгейін айқындайды.
«Global Tech Wave Central Asia» тек технологиялық дамудың алаңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның ерекше мәдени өзіндік ерекшелігін және аймақтағы жаңа инновациялық орталық ретіндегі рөлін бүкіл әлемге көрсету мүмкіндігі болды», — деді «GTW CA» жобасының жетекшісі Қымбат Нұртаева.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
