Тұрғындардың мәселесі – Түркістан қаласы әкімінің назарында

Loading

Тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдау, көтерілген мәселелерді заң аясында шешу – жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте азаматтарды жеке қабылдау халықпен тікелей байланыс орнатудың тиімді тетігі ретінде өз маңызын арттырып келеді.

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелеріне назар аударды. Алдын ала жазылған 20 азаматтың 33 мәселесі қаралып, әр өтініш бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Қабылдау барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесі, тұрғын үй кезегі, аулалардың тазалығы мен күтіп-бапталуы, абаттандыру, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді.

Қала әкімі әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, мәселелердің шешімі заң талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті. Оның айтуынша, бірқатар мәселе жедел шешуді қажет етсе, кейбірі қаржы, уақыт және заң талаптарына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Тұрғындардың әрбір өтініші біз үшін маңызды. Қаладағы жайлы орта ең алдымен тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді уақытылы шешуден басталады. Сондықтан әр мәселені мүмкіндігінше жедел әрі сапалы шешуге жұмыс жасап келеміз. Дегенмен заң талаптарын сақтауды, қаржы мен уақытты қажет ететін мәселелер де бар. Мұндай өтініштердің барлығы бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табады», – деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Жалпы, жыл басынан бері қала әкімінің азаматтарды 19 жеке қабылдауы ұйымдастырылған. Осы кездесулер барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің 70 пайызы бүгінде оң шешімін тапқан. Бұл көрсеткіш халықпен тұрақты байланыстың жолға қойылғанын және азаматтардың өтініштерін нақты нәтижеге бағыттап қараудың маңызын көрсетеді.

Қала басшысы тұрғындардың сенімі мен ұсынысы әкімдік жұмысына берілетін ең маңызды бағаның бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты халықпен кездесулер мен жеке қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, әрбір өтініштің назардан тыс қалмауы қамтамасыз етіледі.

“ANYQ.KZ”-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You